І. Жалпы ережелер
1.Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Конкурс) жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – білім басқармасы) «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) өткізеді.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
- ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
- облысымыздың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
3. Ғылыми жобалар Конкурсқа 16 секциядан тұратын 4 бағытта қатысады:
І бағыт «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны»
Секциялар: физика; техника; Жер және Космос туралы ғылымдар.
ІІ бағыт «Экономикалық және әлеуметтік процесстердегі математикалық модельдеу»
Секциялар: математика; қолданбалы математика; информатика; экономика.
ІІІ бағыт «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі»
Секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.
ІV бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, адам және қоғам, әдебиет.
4. Конкурс келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
1) бірінші кезең– мектепішілік, білім мекемелерінде қазан айының бірінші онкүндігінде өтеді;
2)екінші кезең – аудандық(қалалық) – 30 қазанға дейін өтеді;
3) үшінші кезең 1 тур – іріктеу (жобаларды алдын ала сараптау) – қараша айында өтеді;
4) үшінші кезең 2 тур – облыстық желтоқсан айының бірінші онкүндігінде қашықтықтан өтеді.
5) төртінші (ақтық) кезең - республикалық кезең. Бұл кезең екі турда өтеді. Бірінші тур - іріктеу (жобаларды алдын-ала сараптау), екінші тур - жоба қорғау (ақпан).
5. Конкурстың I, II және III кезеңдерінің өткізілу мерзімі ШҚО білім басқармасының бұйрығымен анықталады, ал IV кезеңнің өткізілу мерзімі ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына негізделеді.
ІІ. Конкурсқа қатысушылар
6. Ғылыми жобалар конкурсына облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 8–11 сынып оқушылары қатыса алады. Командалық жобаны екі оқушы ғана орындай алады.
ІІІ. Республикалық ғылыми конкурстың облыстық кезеңін өткізу тәртібі мен шарттары
7. Конкурсқа қатысу үшін барлық оқушыларға зерттеу жұмыстарының тақырыптарын «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘ орталығында тіркету қажет. Тіркеуге міндетті түрде көрсетілген нұсқа бойынша аудандық/қалалық білім беру бөлімінің басшысы немесе дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мекемелерінің (бұдан әрі – ДБА ОММ) директорының қолы мен мөрі қойылған өтінім (1 қосымша), сонымен бірге ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша есебі (2 қосымша) 2020 жылдың 11 қыркүйегіне дейін тапсырылуы керек.
8. Конкурстың екінші кезеңіне бірінші мектепішілік кезеңнің жүлдегерлері қатысады.
9. Конкурстың үшінші кезеңінің алдында облыстық іріктеу кезеңі – жобаларды алдын ала сараптау өткізіледі.
10. Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы саласы бойынша кемінде 3 ғалым (маман) кіреді. Іріктеу кезеңінің комиссиясы бағалау өлшемдері мен талаптарына сәйкес ғылыми жобаларды тексеріп, әрбір жобаға өз пікірін жазып, ІІІ кезеңнің 1 турына қатысатын оқушылардың тізімін анықтайды.
11. Облыстық іріктеу кезеңі – жобаны алдын ала сараптау ағымдағы жылдың қараша айында өтеді. Іріктеу кезеңіне ұсынылған ғылыми жоба жұмыстары 30 қазанға дейін қабылданады.
12. Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері мен облыстық мамандандырылған мектептер 30 қазанға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) есеп түрлері (3 қосымша);
2) аудандық (қалалық) кезеңдердің қорытындысы бойынша(4 қосымша) хаттамалар мен бағалау парақтары;
3) облыстық кезеңіне (іріктеу) қатысуға сұраныс (5 қосымша);
4) талапқа сай безендірілген оқушылардың ғылыми жобалары (қағаз, электронды нұсқасы), ғылыми ізденістің күнделігі, рецензия, ғылыми жетекшінің пікірі, үш тілде аннотация.
13. Барлық тапсырылған құжаттарға басшының қолы қойылып, ұйымның мөрімен бекітілуі тиіс. Талапқа сай емес және белгіленген уақыттан кейін өткізілген жұмыстар қабылданбайды.
14. Алдын ала сараптау кезеңінің қорытындысы бойынша, ІІІ кезеңнің қатысушылары анықталады. ІІІ кезеңге қатысушылардың тізімі білім басқармасының бұйрығы бойынша бекітіледі.
15. Іріктеу кезеңінің қорытындыларынан кейін аппеляция өткізілмейді. Сараптамаға өткізілген жұмыстар қайтадан қайтарылмайды.
16. Конкурстың ІІІ кезеңінің 1 турында – жоба қорғау жүргізіледі. Жобаны қорғау барысында авторға баяндама үшін 5 минут, ал біріккен авторларға 7 минут беріледі. Конкурсқа қатысушыларға төменде көрсетілгендей талаптарға сай жобаны қорғау үшін көрнекіліктер дайындау қажет. Зерттеудің қорытындысына қарай қатысушылар макеттер, модельдер, құралдар және т.б. көрсете алады.
ІV. Ғылыми конкурстарға тапсырылатын ғылыми жобаларға қойылатын талаптар
17. Конкурсқа тапсырылатын жұмыстар:
- ғылымның осы саласындағы бұрын танылмаған жекелеген қырларын, фактілерді, құбылыстарды және жаңалықтарды ашатын материалдар болу керек;
- практикалық құндылығы зор, мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен құралдар конструкцияларын ұсынатын жұмыстар;
- әлеуметтік–экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған компьютерлік модельдер және экономикалық–құқықтық негізі бар жобалар;
- кәмелетке толмағандар үшін рұқсат етілмейтін аппаратуралар, жануарларға қатігездік көрсетілетін, адам денсаулығы және жануарлар үшін зиян келтіретін заттар (улы, радиоактивтік, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді заттар немесе микроағзалар, вирустар, ішімдік, никотин) пайдаланылатын эксперименттері бар жұмыстар қатысуға жіберілмейді;
- берілген конкурста бұрын қаралған және қорғалған жобалар ғылыми Конкурсқа қатысуға жіберілмейді;
- Конкурстың барлық деңгейлерінде плагиатқа, фальсификацияға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалануға немесе ұсынуға жол берілмейді.
18. Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- жоба мәтіні компьютерде басылуы керек (14 шрифт, Times New Roman) және келесі құрылымнан тұрады:
- титул парағы;
- мазмұны;
-қазақ немесе орыс тілдерінде (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай – ақ ағылшын тілінде абстракт жазылады;
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Титул парағындамыналар көрсетіледі:
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;
Абстрактта жобаның қысқаша мазмұны, зерттеудің мақсаты; гипотезасы; кезеңдері, зерттеудің рәсімі; эксперименттің әдістемесі; зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі; жұмыстың нәтижесі және қорытындысы; нәтижелері, практикалық қолдану салалары (250 сөзден артық емес) көрсетілуі керек.
Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі:
- зерттеу тақырыбының өзектілігі;
- зерттеу мақсаты;
- зерттеу міндеттері;
- зерттеудің объектісі және пәні;
- гипотезасы;
- қойылған міндеттерді шешудің әдістері қысқаша көрсетіледі;
- зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
- нәтижені практикалық қолдану салалары;
- зерттеудің кезеңдері, тәртібі;
- эксперимент әдісі;
- жұмыстың нәтижесі және қорытынды.
Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы және келесі құрылымда болуы мүмкін:
- таңдап алынған жұмыстың практикалық құндылығына көз жеткізу мақсатында (міндетін) таңдалған тақырып бойынша нәтижелерге аналитикалық сараптама жасау;
- алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижесін талқылау;
- безендірілген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер, т.б.).
пайдаланған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [1]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай жүйелі нөмірленуі қажет.
Қорытынды негізгі жұмыстың нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындылары мен тәжірибелік мақсатта қолданылу ұсыныстарын қамтиды (бір беттен артық емес).
Пайдаланған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:
- автордың тегі және қысқартылған аты – жөні;
- мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін);
- журналдың, кітаптың аты;
- басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін);
- басылған жылы, шығу нөмірі, беті.
Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар, жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.
V. Жеңімпаздарды марапаттау
19. Ғылыми жобалар конкурсының ІІІ кезеңіне қатысушылардың барлығына сертификаттар беріледі.
20. Облыстық кезең жүлдегерлерінің саны әр секция бойынша барлық қатысушылар санының 40%-н құрайды. Ғылыми жобалар Конкурсының ІІІ кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
VI. Қаржыландыру
21. Шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.