2012 жылдың 25 наурызынан 31 наурызына дейін Алматы қаласында «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған мектеп-интернатының» базасында балалар музыка мектептері және өнер мектептерінің халық аспаптары бөлімдерінің оқушылары арасында 46-шы республикалық жас музыкант байқауы өтті.
Балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру және аса қабілетті, кәсіби болашағы зор қатысушыларды анықтау, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру мақсатында байқау жылсайын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен өткізіледі.
Республикалық жас музыкант байқауына Қазақстаннның барлық жерінен 1000-нан астам балалар келіп қатысты. Жеке-орындаушыларды конкурстық тыңдау 26-28 наурызында, үш өспелі топта (кіші, орта, жоғары) екі бағытта өтті: қазақ халық аспаптары және орыс халық аспаптары. 29-30 наурызда халық аспаптарының ансамбль және оркестр байқауы өтті.
Аталған байқауға Шығыс Қазақстаннан Семей, Өскемен Риддер қалаларының және Бесқарағай ауданының «құрама» командасы өнер көрсетті. Оған облыстық байқаудың іріктеу кезеңінің Бас-Жүлде және І дәрежелі диплом иегерлері - 11 жеке орындаушылар және Семей қаласының №2 балалар музыка мектебінің домбырашылар ансамблі және Риддер қаласының балалар музыка мектебінің «Русские узоры» ансамблі кірді, және де осы жылдың ақпан айында өткен, облыстық байқаудың Бас-Жүлде және бірінші орын иегерлері кірді.
Жылсайынғы Республикалық жас музыкант байқау-фестиваліндегі Шығыс Қазақстан делегациясының жеңістері жақсы дәстүрге айналды. Жас музыканттар осы жолы да Алматы қаласында үмітімізді ақтады. Шығыс Қазақстан 2009 жылғыдай «қазақ халық аспаптары» номинациясында тағы да Бас-Жүлдеге ие болды. Байқаудың үлкен марапатына Семей қаласының №2 БММ оқушысы Құдайбергенова Дарынның (домбыра) орындауы болды. Мәртебесі зор музыкалық ортаның шығармашылық жарыстарының бірі 46-шы республикалық жас музыкант байқауының иегерлері болып, ШҚО тағы да 3 өкілі атанды, олар:
«Қазақ халық аспаптары» номинациясында:
I орын – Надырханов Арнай (домбыра), Бесқарағайлық балалар өнер мектебінің оқушысы.
«Орыс халық аспаптары» номинациясында:
I орын – Абдулов Эльдар (баян), Семей қаласының Татар өнер мектебінің оқушысы;
II орын– Базанов Сергей (баян), Семей қаласының №1 балалар музыка мектебінің оқушысы.
Қазақстанның барлық өңірлерінен халық аспаптарының 33 ансамбльдер және оркестр ұжымдарының арасында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері Бірінші сыйлыққа ие болды – ол Риддер қаласының балалар музыка мектебінің «Русские узоры» ансамблі (жетекшісі Владимирская Т.А.); Семей қаласының №2 балалар музыка мектебінің домбырашылар ансамблі (жетекшісі Самыков А.С.) байқау дипломанттары атанып, IV орынға ие болды.