Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылдың 23-25 тамызында Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXI Республикалық Абай оқуларының республикалық кезеңі өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы.
Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық қашықтық кезеңінің
12 жеңімпазы қатысты.
Абай оқуларына қатысушылар 6 номинация бойынша сайысқа түсті:
-«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»– Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы;
- «Абайдың қара сөздері»– Абайдың қара сөздерін жатқа оқу байқауы;
-«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»– Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын оқу байқауы;
- «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрім ән-күйлерін мәнерлеп орындау байқауы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»– өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер;
- «Ұлылар әлемі»– Абай шығармашылығы туралы эссе жазу байқауы.
XXI Республикалық Абай оқуларына Қазақстанның барлық облыстарынан 120 оқушы қатысты.
XXI Республикалық Абай оқуларының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен медальдар, құнды сыйлықтар және Абай жолының 4 томдық кітабы табыс етілді.
XXI Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!