21 тамызда ауыл мектептеріне арналған бірінші ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Жарыс барысында олимпиаданың 5 мың қатысушысы-Қазақстанның түрлі ауылдарының оқушылары функционалды қсауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлау дағдыларын сынай алды.
Олимпиада қатаң карантиндік нормаларды сақтай отырып, 19 Назарбаев Зияткерлік мектептері мен әр аудан орталықтарындағы 34 пункт негізінде ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша, 5 және 6 сыныптарын бітірген 1000 жеңімпаз оқушысы өз білімдерін "Білім-инновация лицейі", Республикалық физика-математика мектебі және "Дарын"сияқты дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде әрі қарай жалғастыра алады.
"Мың бала" – ауыл балаларын қолдау мен дамытуға арналған, ауыл балаларының қала оқушылары мен бірдей бәсекелесуіне жағдай жасауға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.
Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен "Елбасы Академиясы" корпоративті қорының "Ел Үміті" талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі бастамасы шеңбері аясында іске асырылуда.
Олимпиада 2020 жылдың 24 ақпанында басталды. Оған 295 мың оқушы қатысты. Екінші кезеңге 5 мың оқушы өтті. Бірінші кезең сырттай өтіп, математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша үлгерімді бағалады.
- Егер бірінші кезеңде үміткерлердің академиялық қабілеттері бағаланса, екінші кезеңде - танымдық қабілеттері бағаланады. Біз қабылдау кезінде оқушылардың өмір сүруіне жағдай жасай алатын мектептерді таңдадық. Сонымен қатар, барлық 5 мың қатысушы Елбасы Академиясы жанындағы онлайн-мектепке ақысызтіркеледі, - деп атап өтті "Елбасы Академиясы" корпоративті қорының диагностика және даму жобаларының үйлестірушісі Жазира Асанова.
Олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен қатысушылар үшін қашықтықтан оқыту порталы қолжетімді болады. Сонымен қатар, оқушыларды үнемі онлайн-қолдау ұйымдастырылған, және оның ішінде пән мұғалімдерінің сабақтары мен кеңестері қарастырылған. Онлайн мектеп жұмысын осы күзде бастайды.
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысып, бүгін көп пайдалы білім алдым. Тапсырмалар күрделі əрі қызықты болды» деп Үржар ауданынан Зейнеқабыл Тілек өзінің жарқын әсерімен бөлісті.
Олимпиадада жеңімпаз атанған 1000 оқушысының тізімі www.fnn.kz сайтында екінші кезеңнен өткен соң, 14 күнде жарияланады. Дәл осы сайтта олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің біріне өтініш бере алады.


