Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел Үміті» бастамасының аясында 2020 жылдың 21 тамызында облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) ІІ кезеңі (іштей) өтетіні туралы хабарлайды.
Олимпиада өту орындары:
- Өскемен қ. НЗМ (Қ. Сәтпаев к-сі, 53) - Глубокое, Зайсан (7 қатысушы), Катонқарағай, Көкпекті (7 қатысушы), Күршім, Ұлан, Шемонаиха және Алтай аудандарының қатысушылары үшін;
- Семей қ. НЗМ (ш.а. Қарағайлы, 1 үй) - Семей қаласының, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті (5 қатысушы) аудандарының қатысушылары үшін;
-
Ақсуат ауылы К. Нұрбаев ат. орта мектебі – Тарбағатай және Зайсан ауданының
(1 қатысушы) қатысушылары үшін; - Үржар ауылы Б. Момышұлы ат. орта мектебі – Үржар ауданының қатысушылары үшін.
Олимпиада 2020 жылдың тамыз айының 21-де сағат 12:00-де өтеді.
Қатысушыларды тіркеуі 21 тамыз сағат 11:00 басталады.
Олимпиада өту барысында қатысушыларға құрғақ азық беріледі.
Барлық қатысушыларда өздерімен бірге міндетті түрде болуы керек:
-
туу туралы куәліктің және ЖСН түпнұсқасы мен көшірмесі;
-
қалам және қарындаш;
-
салтанатты киім;
-
медициналық маска және қолғап (жолда).
Жолда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды нұсқаулыққа сай (нұсқаулық қоса беріледі) сақтау міндетті!
Жетекшілер мен ата-аналарға Олимпиаданың өту орындарына кіруге тыйым салынады.
Бағалы заттарды жоғалтқан жағдайда ұйымдастыру комитеті жауапты болмайды.
Барлық сұрақтар бойынша 87232700244 телефон арқылы хабарласуға болады.