+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ТӨКЕН ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ ФИЗИКА МЕН АСТРОНОМИЯДАН ҒЫЛЫМИ ЖАРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
29 Мау, 14:29

2020 жылдың 22-28 маусымы аралығында қашықтықтан Төкен Омаров атындағы ғарыштың астрономиясы мен физикасы бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарысы өткізілді.

Ғылыми жарыстың мақсаты – оқушылардың астрономия, физика мен ғарыш саласында білім деңгейлерін арттыру мақсатында, ғарыштық бағыттағы факультативтік, үйірмелердің жұмыстарын жандандыру, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерді оқып білу және оны тәжірибиеде пайдалану, талантты оқушыларды анықтау, олардың мамандық таңдауларына көмектесу.

Ғылыми жарыстың қатысушылары ғылыми жобаларды қорғап, теориялық және практикалық турларды шеше отырып, олимпиадаға қатысты.

Ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жүлделі орындарға ие болды:

Гран-при иегері Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Котляров Денис атанды.

ІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласы №22 орта мектебінің 10 сынып оқушылары Асқарбек Мирас, Нурзаипов Әділет марапатталды.

Ғылыми жарысқа қатысқаны үшін сертификатпен Өскемен қаласы №27 орта мектептің 8 сынып оқушысы Пащенко Надежда марапатталды.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!