+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ХІІІ республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қорытындысы
22 Мау, 15:20

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен 2020 жылдың 16-20 маусымы аралығында онлайн режимде ХІІІ республикалық «Бастау» математикалық турнирі өткізілді.

Турнирдің негізгі мақсаты бастауыш мектеп жасындағы математикалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, математика пәнінен бастауыш сынып оқушыларының білімін тереңдету және кеңейту болып табылады.

Турнирға еліміздің барлық аймақтарынан 140-қа жуық қатысушы қатысты. ШҚО намысын 6 оқушы қорғады.

Турнирдің республикалық кезеңі ZOOM платформасының көмегімен және мына сайтта http://physmathacademy.eduterra.pro онлайн режимде үш айналымда өткізілді:

1 айналым-"Әуу, баста!"– командалық ойын-жарыс;

2 айналым - "Асық" – командалық жарыс;

3 айналым- "Математикалық бәйге" – ауызша жеке олимпиада.

Турнирдің қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Рыбарев Кирилл марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 4 сынып оқушысы Нұрғазин Арнұр;
  2. Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 3 сынып оқушысы Рахан Олжас;
  3. Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 2 сынып оқушысы Толеугалиева Адия.

ІІІ дәрежелі дипломмен облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Лылова Олеся марапатталды.

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен ІТ мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы Сучков Дмитрий марапатталды.

 

Барлық қатысушыларды, ата-аналарын және ұстаздарын лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!Табыс пен жеңіс тілейміз!