Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел Үміті» бастамасын жүзеге асыру аясында 2020 жылдың маусымынан бастап
«Елбасы медалі» жобасы өз бастауын алды.
2020 жылдың 17 маусымында ШҚО білім басқармасымен жобаға арналған аймақтық баспасөз-конференциясы өткізілді.
Баспасөз-конференциясына ШҚО білім басқармасының басшысы – Жумадилова С.А., «Білім-инновация» ХҚҚ өкілі және ШҚО бойынша аймақтық үйлестіруші – Шакиртов Р.С., сонымен қатар жоба тәлімгері – Абдрахманова А.Е. қатысты.
Баспасөз-конференциясы барысында жобаның үйлестірушісі, Елбасы Академиясының қызметкері – Өтепқалиева Б. Т. бейнеүндеу арқылы сөз сөйледі.
Шараның негізгі месседждері: «Елбасы Медалі» бағдаламасы белсенді және талапты жастарды қолдауға бағытталған, 7 бағыт бойынша жұмыс патриотты және бәсекеге қабілетті жас қазақстандықтардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік береді, «Елбасы Медалі» бағдарламасы үздік әлемдік тәжірибеге негізделген, «Елбасы Медалі» - белсенді жастар үшін әлеуметтік өрлеу, «Елбасы Медалі» - әрбір жас қазақстандық үшін тең дәрежелі қол жетімділік пен жаңа мүмкіндік болды.
«Елбасы медалі» жобасы қиындықтарды жеңе алатын, түрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытатын, басқалардың қамын ойлайтын, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Жобаның қатысушылары – 14 жастан 29 жасқа дейінгі талантты және өршіл жастар.
Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі.
Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалімен» марапатталады.