«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарлы көзқарасты қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 4-5 маусымында жас өлкетанушылардың, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің«Табиғатты аяла» облыстық қашықтық форумы өтті.
Облыстың жас экологтары табиғатты қорғау және қорық аумақтары туралы зерттеу жобаларын, аумақты көгалдандыру, абаттандыру бойынша экологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша жобалық ұсыныстарды ұсынды, экодизайнерлер қазылар алқасын табиғи-өсімдік материалдарынан жасалған ерекше жұмыстармен таң қалдырды. Форумға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары – аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің 159 жеңімпаздары қатысты.
Форум Номинациялары:
- «Туған өлке тарихы» – 3 D форматтағы виртуалды саяхат (маршруттар, экскурсиялар);
- «Жасыл экономика» - ғылыми жобалар конкурсы;
- «Денсаулық және қоршаған орта» – қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін көрсететінжобалар байқауы;
- «Экоболашақ» – қалада/ауданда/елді мекенде Экологиялық жұмыс жүргізу бойынша жобалық ұсыныс;
«Жасыл оазистер» – өз қолдарымен жасалған эко қолөнер конкурсы;
- Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» - онлайн тестілеу, «Өсімдіктер әлемінде», «Таныс бейтаныс», «Табиғатпен келісімде», «Қорық соқпақтарымен», «Қазақстанның биоценоздары» тақырыптары бойынша.
Қатысушыларды құзыретті қазылар алқасы бағалады, оның құрамына ШҚО алдыңғы қатарлы өңірлік жоғары оқу орындарының өкілдері кірді.
Форум қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом – 12 қатысушы ; ІІ дәрежелі – 24 қатысушы; ІІІ дәрежелі – 27 оқушы. «Экологиялық квест» номинациясы бойынша І орынды – 11 қатысушы , ІІ орынды – 16 қатысушы , ІІІ орынды – 35 қатысушы иеленді.
Үздік жобалар 2020 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласында өтетін форумның республикалық кезеңінде ұсынылатын болады.
Диплом және сертификатты жүктеп алу үшін арнайы сілтеме:
https://drive.google.com/drive/folders/15vAK4pZfgilExGG-CI3e5nxW7qVFo-Wq?usp=sharing
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Өлкетану пен экологияны зерттеуде, табиғи экожүйелерді сақтауда табыстар тілейміз.



