2012 жылдың 25-наурызы мен 01 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы 2011-2012 жылғы Қарағанды қаласында өткен гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.
Шараны өткізудің мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеу және дайындау.
Республикалық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 32 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 оқушы жеңімпаз атанды:
І дәрежелі дипломмен марапатталды:
Азамбаев Рустем - Өскемен қаласындағы №12 МГ-ның 10-сынып оқушысы (неміс тілі);
Ертарғынова Арай - Өскемен қаласындағы №43 МГ-ның 10-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиет);
ІI дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Мамежанов Мақсат - Өскемен қаласындағы №38 МГ-ның 11-сынып оқушысы (тарих).
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:
Қыдырханова Ақжарқын – Жарма ауданындағы Ақтайлақ ОМ 10-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
Қайролданова Назерке – Күршім ауданы Күршім МГ-ның 11-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
Диденко Кристина - Семей қаласындағы №31 МГ- ның 11-сынып оқушысы (орыс мектептеріндегі қазақ тілі);
Болыспаева Найля - Семей қаласындағы №37 МГ- ның 10-сынып оқушысы (қазақ мектептеріндегі орыс тілі);
Байпеисова Мадина - Өскемен қаласындағы №3 МГ-ның 11-сынып оқушысы (қазақ мектептеріндегі орыс тілі);
Андерс Карина - Өскемен қаласындағы 10 МГ-ның 11-сынып оқушысы (неміс тілі);
Садриттенова Шынар - Семей қаласындағы №37 МГ- ның 10-сынып оқушысы (құқық негіздері).
Шығыс Қазақстан облысының 3 оқушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
1. Гончарова Анастасия – Зайсан ауданының Әуезов ат. ОМ 10-сынып оқушысы (орыс мектептеріндегі қазақ тілі);
2. Алимханова Дильшат – Өскемен қаласындағы № 10 МГ-нің 10 – сынып оқушысы (неміс тілі);
- Быстрянцева Виктория – Өскемен қаласындағы №12 МГ-ның 11-сынып оқушысы (неміс тілі);
«Үздік ауыл оқушысы» номинациясы бойынша – Қыдырханова Ақжарқын, Жарма ауданындағы Ақтайлақ ОМ-тің 10-сынып оқушысы.
«Үздік ауыл мұғалімі» номинациясы бойынша – Шатанова Толқын Әнуарбекқызы, Жарма ауданындағы Ақтайлақ ОМ-тің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі;
«Полиглот» номинациясы бойынша - Шоманов Әлишер, Өскемен қаласындағы ДБА ШҚО ҚТМЛИ-ның 11-сынып оқушысы (ағылшын тілі) марапатталды.
С.Демирель атындағы университетінің білім беру грантымен Үржар ауданының Алтынсарин ат.ОМ –ның 11 сынып оқушысы Қанафия Эльмира марапатталды.
«Олимпиада қозғалысына тұрақтылығы үшін» грамотасымен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығының директорының орынбасары Ирина Станиславовна Стеблецова марапатталды.
Гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы 2 орын және «2012 жылдың үздік олимипадалық командасы» атағына ие болды.