+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы
04 Мау, 15:47

2020жылдың 30 мамырында жалпы білім беретін пәндер бойынша «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысатын оқушылардың зияткерлік және жеке дамуын қалыптастыру.

Жыл сайын өткізіліп тұратын Конкурс «GlobalSapa» білім беру орталығы мен Тэджон қаласындағы (Оңтүстік Корея)  «SOLBRIDGE» Халықаралық бизнес мектебімен алғаш рет онлайн режимінде өткізілді.

Конкурсқа облыстық және республикалық ғылыми жарыстарда жүлделі орындарға ие болған жұмыстар қатысты. Қашықтықтан ғылыми жұмыстарды қорғау нақты уақыт режимінде KBC құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Қатысушыларды марапаттау конференция түрінде онлайн режимінде өткізілді. Конференцияға Конкурстың ұйымдастырушылары, қазылар алқасының мүшелері мен оқушыларқатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Умиржанова Дильназ II дәрежелі дипломмен, сондай-ақ, «SOLBRIDGE» Халықаралық бизнес мектебі мен Woosong университетінде оқуға 60% жеңілдікпен марапатталды.

Дильназды, ата-анасын, жетекшілерін жеңіспен құттықтаймыз, келешекте сәттіліктер тілейміз!