+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
XV республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасының қорытындысы
04 Мау, 10:58

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-9сынып оқушылары үшін XV республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру.

Олимпиадаға қазақ және орыс тілдерінде білім беретін республиканың білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушыларынан 23115 оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан олимпиадаға 1472 оқушы қатысты.

XV республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасының қорытындысы бойынша 528 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды (I орын - 69, II орын - 146, III орын - 313).

Тізім қоса беріледі.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың

ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!