Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық онлайн олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізді.
Олимпиаданың мақсаты– оқушылардың алған білімдерін бағалау және оларды тәжірибеде қолдана білу, оқу үрдісінде алған білімдерін тереңдету және бекіту, өзін-өзі ынталандыруды арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілді: математика, физика, химия, биология, география, информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы.
Шығыс Қазақстан облысынан олимпиадаға 8549 оқушы қатысты.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық онлайн олимпиаданың қорытындысы бойынша 2256 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды (I орын - 524, II орын - 740, III орын - 992).
Тізім қоса беріледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың
ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Табыс пен жеңістер тілейміз!