Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 27 - 30 мамыр күндері аралығында Iggamecenter.comойын платформасында, онлайн режимде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Тоғызқұмалақтан онлайн турнирін ұйымдастырды.
Онлайн турнирдің мақсаты мен міндеті:
а) Ұлттық ойын тоғызқұмалақты жастар арасында насихаттау;
б) Тоғызқұмалақшылардың шеберліктерін шыңдау;
в) Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Онлайн режимде тоғызқұмалақ бойынша облыстық турнирге 114 оқушы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
2003-2006 ж.т. ұлдар арасында:
І орын – Алиханов Нұркен (Тарбағатай ауданы, К. Нұрбаев ат. ОМ )
ІІ орын - Темержанов Ернат (Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ОМ балабақша кешені)
ІІІ орын – Зейнекен Қайсар (Үржар ауданы, Сейфуллин ат. мектеп-бақша)
ІІІ орын – Бауыржанұлы Гарифолла (Аягөз ауданы, №3 ОМ)
2003-2006 ж.т. қыздар арасында:
І орын – Садыканова Жиһаз (Үржар ауданы, Жарбұлақ ОМ)
ІІ орын –Баймолда Ақжан (Үржар ауданы, Жарбұлақ ОМ)
ІІІ орын –Жаканова Аружан (Зайсан ауданы, Көгедай ОМ)
ІІІ орын –Әлемқызы Әмина (Абай ауданы, Қарауыл гимназиясы)
2007 ж.т. және одан кіші ұлдар арасында:
І орын – Болатұлы Байтақ (Күршім ауданы, №1 Марқакөл ОМ)
ІІ орын – Досан Еркебұлан (Семей қаласы, Экономикалық лицей)
ІІІ орын – Сапарбеков Ерболат (Семей қаласы, №18 ОМ)
ІІІ орын – Оралқанов Бағнұр (Семей қаласы, Білім-Иновация лицейі)
2007 ж.т. және одан кіші қыздар арасында:
І орын – Алиханова Нұрай (Тарбағатай ауданы, К. Нұрбаев ат. ОМ)
ІІ орын – Серікқалиқызы Әдемі (Тарбағатай ауданы, К. Нұрбаев ат. ОМ)
ІІІ орын – Рахымбекова Айша (Өскемен қаласы, №35 ОМ)
ІІІ орын – Асемханова Малика (Семей қаласы, Экономикалық лицей)
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!