Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН»республикалық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті арасындағы ынтымақтастық негізінде, 2020 жылдың 1 маусымында Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ базасында «АҚЫЛДЫ AWARDS 2020» сыйлығының жеңімпаздарын онлайн марапаттау өткізілді.
Аталған шара жыл сайын ШҚО мектептерінің «Алтын белгі» иегерлері үшін өткізіліп тұрады және дарынды оқушылардың беделін арттыруға бағытталған.
Шараның негізгі мақсаты - «Алтын белгіге» үміткерлерді қолдау, олардың еңбегін ескеру, жетістікке жетуге ынталандыру, оқушыларды Шығыс Қазақстан облысының жетекші жоғары оқу орнының бірі Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-мен таныстыру.
«АҚЫЛДЫ AWARDS 2020»жүлдесі келесі номинациялар бойынша екі турда өтті: «Жердің елшісі», «Болашақтың машина жасаушысы», «Жасыл энергетика», «ІТ-технологиялар алға!», «Мен шығармашылық дизайнермін», «Бизнес мәңгі!».
Премияның қорытындысы бойынша 11 бейнеролик онлайн дауыс беруге өтті және халық таңдауымен келесі жеңімпаздар анықталды:
- Қадырхан Шынар, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов ат. орта мектеп»;
- Асланова Аружан, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов ат. орта мектеп»;
- Мазулина Жанбота, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы, «Найманбай ат. орта мектеп»;
- Горбулина Алина, Шемонаиха ауданы, Сугатов ауылы, «Жалпы білім беретін орта мектеп- бала бақшасы»;
- Самат Нейла, Өскемен қаласы, «№46 орта мектеп».
Жүлде жеңімпаздарына оқу жылы бойы Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ ректорының оқу Грантына сертификат табысталды.
Жүлдені табыстау рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгуль Байжанова мен Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ бірінші проректоры Сауле Рахметуллина қатысты.
Сондай-ақ жоғарғы оқу орнында тегін білім алуға осындай грантқа сертификат «Жас талап» үздік ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы Өскемен қаласы ДБА ОММФИМ оқушысы Горлачев Александрға табыс етілді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, келешекте табыстар тілейміз!