+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Балалар идеясы – Мәңгілік елге» республикалық қоғамдық балалар бастамалары байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
02 Мау, 09:50

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында 2020 жылдың 1 маусымында жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында «Балалар идеясы – Мәңгілік елге» республикалық қоғамдық балалар бастамалары байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

Байқаудың мақсаты - әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамытуға ықпал ету.

Байқауға «Балалар идеясы – Мәңгілік елге» тақырыбында ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға, балалардың өзін-өзі дамытуына және әлеуметтік маңызды нәтиже алуға бағытталған, іске асырылған немесе іске асырылу процесіндегі балалардың әлеуметтік бастамасының сипаттамасы ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша 20 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды (I орын – 8, II орын – 5, III орын – 7). 

 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Болашақ табыстар мен жеңістер тілейміз!