Жаздың бірінші күні Қазақстанда, әлемнің көптеген елдеріндей, Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл тек балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл ересектермен балалардың өмір сүру, білім алу, демалыс және бос уақытын өткізу құқығын сақтау қажеттілігі туралы еске салу.
Ағымдағы жылы пандемияға байланысты біздің балалар үшін ең сүйікті және көптен күткен мерекелердің бірі қашықтықтан өткізілді.
2020 жылдың 1 маусымында 13 мамырда бастау алған «7 Керемет» облыстық қашықтық шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылады.
Облыстың қалалары мен аудандарынан 6 жастан 17 жасқа дейінгі барлық қызығушылық танытқан балалар келесі номинациялар бойынша өз өнерлері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды: «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы сурет байқауы; «Міне, қандай біздің жаз!» тақырыбындағы авторлық өлеңдер байқауы; «Алтын Қазына» өнер және қолөнер байқауы; «Табиғатты бірге сақтайық!» фотоконкурсы; «Қауіпсіз жаз» презентациясы; «Музыка әлемінде» халықтық және дәстүрлі әндердің жас солистер орындаушыларының байқауы және «Білімге апаратын жол» квест байқауы.
Байқау қорытындысы бойынша 276 қатысушы жүлдегер атанды: Бас жүлде - 9, I орын - 59, II орын - 89, III орын - 119.
Диплом жүктеп алу үшін арнайы сілтеме:
https://drive.google.com/drive/folders/1ZcCKDR4kE9juk5VUNvNitnqIl6ss94eW?usp=sharing
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың ата-аналарын құттықтаймыз!
Барлық балаларға байқауға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!