+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР, ЭКОЛОГТАР МЕН ТАБИҒАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚ ФОРУМЫ
29 Мамыр, 16:57

ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес 2020 жылғы 4-5 маусым аралығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық қашықтық форумының  облыстық кезеңі өтеді.

Форумының мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форумға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары – жас өлкетанушылардың, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің «Табиғатты аяла» аудандық/қалалық қашықтық форумдарының жеңімпаздары қатысады. Қатысушылардың жасы: 14-16 жас.

Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

-«Туған өлке тарихы» номинациясы– виртуалды саяхат: танысу табиғатымен және тарихи орындармен (маршруттар және экскурсиялар) 3 D форматта;

- «Жасыл экономика» номинациясы: жоба-зерттеу байқауы, экология мен қоршаған ортаны, жасыл экономиканы жақсартуға, «жасыл» технологияларды, сондай-ақ инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және ілгерілету жөніндегі тәжірибені қолдануға бағытталған;

- «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы - қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін көрсететін жобалар байқауы;

- «Экоболашақ» номинациясы – қалада/ауданда / елді мекенде абаттандыру, көгалдандыру, экологиялық акциялар, жылыжайлар, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелер, мектеп орманшылықтары, экологиялық патрульдер жұмыстары бойынша экологиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі жобалық ұсыныс;

- «Жасыл оазистер» номинациясы – өз қолдарымен жасалған эко қолөнерконкурсы;

- Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» - онлайн тестілеу, «Өсімдіктер әлемінде», «Таныс бейтаныс», «Табиғатпен келісімде», «Қорық соқпақтарымен», «Қазақстанның биоценоздары» тақырыптары бойынша.

 Форум жеңімпаздары номинациялар бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылардың, экологтар мен натуралистердің республикалық форумына қатысады.

 

Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы, e-mail: vk_daryn@mail.ru, 8/7232/75-42-12