Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 2020 жылғы 22 мамырда онлайн режимінде «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыстарын (бұдан әрі - Жарыс) өткізді.
Жарыстың мақсаты - ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады.
Тікелей эфирде республиканың әр түрлі қалаларынан, сондай-ақ жақын шет елдерден (РФ, Қырғызстан) жас зерттеушілер жұмыстарын ұсынып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
143 қатысушы жұмыс жасаған 109 жоба тыңдалды. Біздің облысымыздан 10 оқушы – ғылыми жобалардың облыстық, республикалық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Еркін Самғар, №10 қазақ мектеп-гимназия, Аягөз ауданы;
- Коев Ансар, Ш. Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты;
- Пономарев Роман, Ш. Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған:
- Қабдулшәріпова Балнұр, Тоғас батыр атындағы орта мектеп, Тарбағатай ауданы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Земерова Дарья, Алтай мектеп-лицейі;
- Шпак Амина, Алтай мектеп-лицейі.
Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Келешек жеңістер тілейміз!