+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Саясат Нұрбекпен онлайн режимінде тікелей эфир өтетіндігін хабарлайды
27 Мамыр, 15:58

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясының «Нұрлы жол – менің болашаққа апарар жолым!» атты тақырыптық бөлімінің аясында Шығыс Қазақстан облысының тумасы, облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Саясат Нұрбекпен онлайн режимінде тікелей эфир өтетіндігін хабарлайды.

Саясат Нұрбек – саясаттанушы, заңгер, геосаясат және халықаралық қауіпсіздік магистрі, BTS Education компаниясының Бас директоры, National Geographic Kazakhstan ізгі елшісі.

Тікелей эфир 2020 жылы 29 мамыр, сағат 11:00-де Instagram әлеуметтік желісіндегі @shygysdaryny ресми парақшасында сұхбат, әңгіме түрінде өтеді.

Тікелей эфир қонағына сұрақтарды пікірлер бөлімінде немесе 87052822902  Whatsapp телефоны арқылы қалдыруға болады.