+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің облыстық қашықтық кезеңінің қорытындысы
27 Мамыр, 15:56

2020 жылдың 25 мамырында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасын іске асыру аясында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты республикалық өлкетану сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің облыстық қашықтық кезеңін өткізді.

Көрме оқушыларды көркем мәдениетке және тарихи мұраға тарту, балалар мен жастардың қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнерде халық дәстүрлерін сақтау және дамыту бойынша шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету, қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көсретуге мүмкіндік беру.

Көрмеге аудандық, қалалық балалар шығармашылығы көрмелерінде әр түрлі жанрлары, техника мен орындау шеберліктері бойынша жүлделі орындарға ие болғаноблыстың білім беру ұйымдарының 2003-2010 жылы туған білімалушылары қатысты.

Көрмеге 6 номинация бойынша 121 жұмыс ұсынылды: жарамсыз материалдардан жасалған бұйым, табиғи материалдардан жасалған бұйым, тұрмысқа арналған креативті бұйымдар, ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, бөлменің, саяжайдың, ландшафтың және т.б., матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.), өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері.

Көрме қорытындысы бойынша 63 жүлделі орын анықталды: Бас жүлде - 6; 1 орын - 11; 2 орын - 16; 3 орын - 30.

Бас жүлде алған жеңімпаздар Көрменің республикалық кезеңінде біздің облыстың намысын қорғайды.

Диплом және сертификатты жүктеп алу үшін арнайы сілтеме:

https://drive.google.com/drive/folders/1amn5vkI5BVwEuoJeilaZ2H1Msix_rATn?usp=sharing

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Біздің балаларға республикалық кезеңде жеңіс тілейміз!