Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасын жүзеге асыру аясында «Елбасы Медалі» жобасы (әрі қарай – Жоба) басталатындығын назарларыңызға салады.
Жобаның құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, ал операторы – «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры.
Жобаның мақсаты – қиындықтарды жеңе алатын, әр түрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытатын, өзгеге қамқорлық жасайтын, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Жобаға 14-29 жас аралығындағы балалар мен жастар қатыса алады.
Бағдарламаға қатысу қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:
- «Спорт және физикалық даму»;
- «Таланттар мен дағдылар»;
- «Кітап оқу»;
- «Ұлттық мұра»;
- «Волонтерлік».
Жоба жеңімпаздары «Елбасы Медалінің» үш ерекшелік белгілерімен марапатталады:
1. «Елбасы Медалі» қола ерекшелік белгісімен 14 (он төрт) жастан бастап қатысушылар марапатталады, ұзақтығы – 6 ай;
2. «Елбасы Медалі» күміс ерекшелік белгісімен 15 (он бес) жастан бастап қатысушылар марапатталады, ұзақтығы – 12 ай;
3. «Елбасы Медалі» алтын ерекшелік белгісімен 16 (он алты) жастан бастап қатысушылар марапатталады, ұзақтығы – 18 ай.
Жоба өту кезінде қатысушы үшін мақсатқа жету жолында тиімді және жемісті қызмет ету үшін нақты және қол жетімді мақсаттарды анықтау маңызды.
Жоба қатысушыларын тіркеу www.fpp.kz сайтында жүзеге асады.
Жоба туралы толық ақпарат қоса берілді.
Жобаға қатысуға байланысты барлық сұрақтармен 8/7232/700-244, 87076115865 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.