«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаШығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, қашықтық режимде «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізді.Олимпиада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.
Шараның мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру, әлеуетті талапкерлердің өңірден кетуін ескерту мақсатында оқушыларды Шығыс Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен таныстыру.
Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мекемелерінен 8-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары - 200 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 айналым бойынша өтті: "Абайдың асыл мұралары" презентация жасау және «Әдебиет», «География», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша кешенді тестілеу.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 95 оқушы жүлделі орындарға ие болды (гран-при - 1, І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар - 12, ІІ дәрежелі – 33, ІІІ дәрежелі - 49).
Гран-при иегері - Жарма ауданы Георгиевка орта мектебінің 11-сынып оқушысы Дакенова Аяжанға 2020-2024 оқу жылдарына «Тарих» мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының гранты тағайындалды.
Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Келешек жеңістер тілейміз!

