«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 23, 29 сәуір күндері жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасын (бұдан әрі-олимпиада) өткізді.
Олимпиаданың мақсаты– оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру.
Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының математика, физика, химия және биология пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 7-8 сынып оқушылары қатысты. Бірінші турға 15 мыңнан астам оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан олимпиаданың бірінші кезеңіне 423 оқушы қатысты.
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасының 1 турының қорытындысы бойынша 197 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды (I орын - 33, II орын - 63, III орын - 101).
Тізім қоса беріледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың
ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Табыс пен жеңістер тілейміз!