Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» атты облыстық қашықтықта шығармашылық байқауының (бұдан әрі - Байқау) өткізілетіндігін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты - дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін қолдау және дамыту.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) Суреттер «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы байқауы (қатысушылардың жасы - 6-10 жас);
2) Авторлық өлеңдер «Міне, қандай біздің жаз!» тақырыбындағы байқауы (қатысушылардың жасы - 6-10 жас);
3) Өнер және қолөнер «Алтын Қазына» байқауы (қатысушылардың жасы (10-15 жас);
4) Фото «Табиғатты бірге сақтайық!» байқауы (қатысушылардың жасы 10-15 жас):
5) Презентация «Қауіпсіз жаз» байқауы (қатысушылардың жасы 12-17 жас);
6) Халықтық және дәстүрлі әндердің жас-солистер орындаушыларының «Музыка әлемінде» байқауы (қатысушылардың жасы 8-17 жас);
7) Квест «Білімге апаратын жол» байқауы (қатысушылардың жасы - 6-9 жас).
Байқау туралы ережеге сәйкес өтініштер мен байқаудық жұмыстар konkurs7keremet@mail.ru электронды мекен-жайына қабылданады.
Байқауды өткізу туралы ереже www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.