Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ағайынды халық әртістері Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі және музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебімен бірлесе отырып, музыка теориясы пәндері бойынша облыстық «Субдоминанта» байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – музыкадағы дарынды балаларды айқындау, шығармашылық білімділік және парасаттылық белсенділігін дамыту.
Байқау 2012 жылдың 7 сәуірінде сольфеджио номинациясы бойынша өтеді.
Қатысушылардың жол жүру ақысы, тұрағы, тамақтануы жіберуші жақтың білім мекемелерінің есебінен өтеледі.
Қатысуға тапсырыстар 2012 жылдың 30 наурызына дейін келесі үлгі бойынша қабылданады:
|
Тегі |
|
|
Аты |
|
|
Әкесінің аты |
|
|
Туған күні, айы, жылы |
|
|
Оқу мекемесінің атауы (толық жазылсын) |
|
|
Өспелі топ |
|
|
Мұғалімнің Т.А.Ә. |
|
|
Музыкалық аспабы |
|
Мектеп директорының қолы ______________________________________
Тапсырыстарды 8(7232) 75-85-40 факсіне немесе osshodmuka@mail.ru электрондық адресіне жіберулеріңіз керек.