+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары мен ШҚО күш құрылымдарының өкілдері үшін «Қоғамдық және жеке қауіпсіздіктің заманауи теориясы мен практикасы» қашықтықтан сұхбат алаңы
11 Мамыр, 14:10

Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылдың 7 мамырында сағат 15:00-де «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары мен ШҚО күш құрылымдарының өкілдеріне арналған «Қоғамдық және жеке қауіпсіздіктің қазіргі заманғы теориясы мен практикасы» тақырыбында қашықтықтан сұхбат алаңы өтті.

Салауатты өмір салты, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасу еліміздің жастары үшін мінез-құлық нормасы болуы тиіс.

Оқушылардың қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруда олардың құқық қорғау органдарымен, төтенше жағдайлар қызметімен, әскери қызметтермен және мемлекеттің қорғанысымен өзара қарым-қатынасы маңызды рөл атқарады.

Сұхбат алаңының мақсаттары мен міндеттері:

- оқушылардың қауіпсіз жүріс-тұрысын қалыптастыру, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапкершілікпен қарау;

- балалар мен жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру және әлеуметтік белсенділігін көрсету үшін жағдай жасау;

- салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау;

- балалар мен жастардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;

- өскелең ұрпаққа азаматтық және патриоттық тәрбие беру.

Қашықтықтан сұхбат алаңына ШҚО қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мекемелерінің «Жас Сарбаз» сыныбының 89 оқушысы қатысты.

ҚР Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің, ҚР ІІМ ШҚО полиция департаментінің және ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері балалардың сұрақтарына қашықтықтан жауап берді.

https://youtu.be/rpbUKMMSV9Y

https://www.youtube.com/watch?v=Lso7wLvYFQY

https://youtu.be/xLwlgJQUQdo

 

https://youtu.be/n9DHnHZhx0Q

Талқылау үшін негізгі тақырыптар: жол қозғалысы қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік, қауіпсіздік және қоғам, салауатты өмір салтын қалыптастыру және т. б.

Қашықтықтан сұхбат алаңын өткізу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Барлық қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапкершілікпен қарауға тілектеспіз!

ШҚО күш құрылымдарының басшылары мен қызметкерлеріне диалог алаңының жұмысына белсенді қатысқаны және кәсібилігі үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Барлықтарыңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бейбітшілік, жасампаздық және табыс тілейміз!