2020 жылдың 1 мамырында Қазақстан халқының бірлігі күніне байланысты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Бір шаңырақ астында» атты облыстық қашықтықта сурет байқауын өткізді.
Байқау Instagram әлеуметтік желісінде https://www.instagram.com/shygysdaryny/ парақшасында өтті.
Байқаудың мақсаты - балаларды ел мен қоғам өміріндегі маңызды оқиғалармен таныстыру, адамгершілікке, имандылыққа, төзімділікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Диплом және сертификатты жүктеу үшін сілтеме:
https://drive.google.com/drive/folders/1QRhCKu9wz3FO-xFWWYboU7s6mvzF5bqe
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің және қосымша білім беру ұйымдарынан 1-10 сыныптардан 542 оқушылары қатысты.
Әділ қазы алқасының шешімі бойынша 248 қатысушы Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды: I орындар - 62, II орындар - 72,
III орындар – 114.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың ата-аналарын құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға Байқауға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!