Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 30 сәуір және 1 мамыр күндері аралығы www.lichess.org шахмат ойын платформасында, онлайн режимде (блиц) жедел шахмат бойынша облыстық турнирі өткізіледі.
Онлайн турнирдің мақсаты мен міндеті:
а) Шығыс Қазақстан облысының жас спортшылары арасында шахматты дамыту және насихаттау;
б) Шығыс Қазақстан облысы шахматшыларының спорттық шеберлігін арттыру;
в) салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысуға өтініш беру үшін әр қатысушы міндетті:
-www.lichess.org сайтына тіркелу
- https://lichess.org/team/chessmaster-vko сілтемесі арқылы ChessMaster VKO клубына қосылу.