Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы«Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты аймақтық қашықтықтан жарияланымдар байқауын өткізді.
Байқау Instagram әлеуметтік желісінде https://www.instagram.com/shygysdaryny/ парақшасында өтті.
Байқаудың мақсаты - жастардың сыбайлас жемқорлыққа азаматтық көзқарастарын қалыптастыру үшін қажетті құндылықтар мен қабілеттерді дамытуға тәрбиелеу; қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оған қарсы күрес проблемаларына жастардың назарын аударуды кеңінен насихаттау.
Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымарының 162 білім алушысы қатысты. Олар аталған тақырып бойынша шағын эссе-толғауын ұсынды.
Байқаудың нәтижелері бойынша 51 қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды: I орындар - 16, II орындар - 16, III орындар - 19.
Жеңімпаздардың тізімі, дипломдар мен сертификаттар ссылка бойынша алуға болады.
https://drive.google.com/drive/folders/1eZVdaOo7nMXKGOhfKOkq10P0yoHkImh2
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға Байқауға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!