+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған интерактивті диктант
29 Сәу, 17:32

Абай Құнанбаев–қазақ әдебиеті дамуының жаңа жолдарын ашқан ұлы қазақ ақыны. Абай шығармашылығы қазақ халқының рухани және шығармашылық күштерін, оның даналығын, еркіндігін және патриотизмін сипаттайды.

Көрнекті қазақ ақыны-ағартушы қазақ әдеби тілінің жаңа жазбасының негізін қалаушы болып табылады.

Осы жыл Қазақстан халқы үшін өте маңызды, өйткені биылғы жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы тойланады.

Ақынның 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу бойынша облыстық шаралар жоспарының аясында ШҚО білім басқармасы, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, ШҚО ББ білімдегі жаңа технологиялар өңірлік орталығы  облыс мектептерінің
7-10 сынып оқушылары арасында интерактивті диктант өткізді.

Шараның мақсаты–қазақтың классикалық әдебиетін оқуға қызығушылықты арттыру, Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, жас ұрпақтың рухани мәдениетін, жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Интерактивті диктант Абай шығармаларының материалдары бойынша және қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы жазылған әдеби шығармалар бойынша өткізілді.

Диктантқа 3000-ға жуық облыстың жалпы білім беретін мекемелерінің 7-10 сынып оқушылары қатысты.

Интерактивті диктант ШҚО білім басқармасының білім беру порталында онлайн режимінде өтті. Балалар 40 минут аралығында диктант жазып, бірқатар тест тапсырмаларын орындады.