Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8-11 сынып оқушылары үшін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізетіндігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылықты арттыру, Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, жоғары адамгершілік, жас ұрпақтың рухани мәдениетін оның шығармаларымен таныстыру арқылы қалыптастыру.
Олимпиада 3 кезеңде өтеді: мектепшілік, аудандық/қалалық және облыстық. Облыстық кезең қашықтан екі айналымда: "Абайдың асыл мұралары" презентация жасау, Кешенді олимпиада түрінде өтеді.
Кешенді олимпиада «Әдебиет», «География», «Қазақстан тарихы» пәндерінен тест түрінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің https://www.vkgu.kz/. сайтында (онлайн тестілеу) 12 мамырға жоспарлануда.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен марапатталады.
Олимпиаданың екі кезеңі бойынша ең көп ұпайұпай жинаған қатысушыға 2020-2021 оқу жылына 6В01601 - «Тарих» мамандығы бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының гранты беріледі. Грантқа ҰБТ бойынша "Дүниежүзілік тарих" пен "География" пәндерін таңдаған 11 сынып оқушылары үміткер бола алады.
Қосымша ақпараттар алу үшін 87772426481, 87777421901 телефондарына хабарласуға болады.