+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
22 Сәу, 16:17

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

2. Олимпиада ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі- «Дарын» орталығы), «С. Аманжолов атындағы мемлекеттік университет» ШЖХ РМК (бұдан әрі - С. Аманжолов ат. ШҚМУ) болып табылады.

3. Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру, классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылықты арттыру, Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, жоғары адамгершілік, жас ұрпақтың рухани мәдениетін оның шығармаларымен таныстыру арқылы қалыптастыру.

4. Олимпиаданың негізгі міндеттері:

- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылықты анықтау және дамыту;

- Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің мазмұнын түсіндіру,

-  Өскелең ұрпақтың Абай Құнанбаевтың өмірі, әдеби шығармашылығы мен мұрасына деген қызығушылығын дамыту;

- оқушылардың өлкетануды оқып үйрену саласындағы танымдық және шығармашылық белсенділіктерін белсендіру;

- оқушылардың санасына бірігу маркерлері мен қазақстандық сәйкестендіру – жалпыұлттық қасиеттеріміз арқылы Қазақстан халқының идеяларын нығайту;

- бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестік, білімге табыну, дамудың эволюциялығы және сананың ашықтығы ұстанымдарына қалыптасқан азаматтықты және патриоттықты тәрбиелеу;

- әлеуетті талапкерлердің өңірден кетуін ескерту мақсатында оқушыларды Шығыс Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі -   С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен таныстыру.

 Олимпиаданы өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

 

2. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

 Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Олимпиаданың дайындығына және өткізілуіне тікелей бассшылықты жүзеге асырады;

- Олимпиадаға қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- Олимпиаданың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;

- Олимпиада шараларының түрлерін, өткізу түрлерін анықтайды;

- Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

- Олимпиаданың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

 

3. Олимпиада қатысушылары

 Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

 

4. Олипиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 Олимпиада үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу.

Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (сәуір айының үшінші онкүндігі, 2020  жыл).

Үшінші кезең– облыстық (12 мамыр, 2020 жыл, Өскемен қ.).

Олимпиадаға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2020 жылдың 27 сәуіріне дейін «Дарын» орталығына келесі е-mail-ға жолданады: vk_daryn@mail.ru.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

  1. мектепішілік іріктеу кезеңін аудан/қалада ұйымдастыру және өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен  бекітілген қорытынды есеп (2-қосымша);
  2. аудандық/қалалық кезеңді өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (3-қосымша);

Әр аудан/қала, мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 9адам: (8 сынып – 2қатысушы; 9 сынып – 2 қатысушы; 10 сынып – 2 қатысушы; 11 сынып – 3қатысушы).

 

5. Олимпиаданы өткізу шарттары

Олимпиада екі айналымда өтеді:

1) 1-айналым - "Абайдың асыл мұралары" (төменде берілген тақырыптардың 1-еуі бойынша таныстырылым (презентация) жасау) - жеке қатысу.

Оқушылар Абай мұрасына арналған таныстырылымының электронды нұсқасын (Power Point) 2020 жылдың 5 мамырына дейін ұйымдастырушылардың электронды адресіне (kuralaikura@mail.ru; Қ.Р.Жириндинова) жіберулері тиіс. Таныстырылымның көлемі - 10 беттен аспауы қажет.

Үздік таныстырылымдар «Дарын» орталығының, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Таныстырылым тақырыптары:

  1. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез».
  2. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
  3. «Пайда ойлама, ар ойла».
  4. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар».
  5. «Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз».

Таныстырылым тақырыптарына дайындық барысында оқушылар Абайдың шығармашылық және өмірлік жолы туралы білімдерін көрсетіп, оның "Қара сөздерінің" этикалық және моралдық тұжырымдамаларын ашуы қажет.

Таныстырылымға қойылатын талаптар:

-  тақырыптың өзектілігі мен мазмұнының тереңдігі - 10 ұпай;

- таныстырылымның жаңашылдығы және дербестік деңгейі – 10 ұпай;

- таныстырылымныңқұрылымы мен әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдануы– 10 ұпай;

- эстетикалық талапқа сай безендірілуі - 10 ұпай;.

Олимпиада тапсырмаларын орындауда әр қатысушыға ең жоғары ұпай саны: 40 ұпай.

2) Кешенді олимпиада– жеке қатысу.

Кешенді олимпиада тест түрінде өтеді. Тест тапсырмалары орыс және қазақ тілдерінде «Әдебиет», «География», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша әзірленеді. Тапсырмалардың мазмұны тереңдетілген мектеп бағдарламасымен сәйкес келуі тиіс (тапсырмалардың 30%-ы өңірлік компоненттен білімді тексеруге бағытталған).

Қатысушылардың С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің https://www.vkgu.kz/. сайтындағы (онлайн тестілеу) ресурсында тестілеуден өту уақыты - 12 мамыр (сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін).

Регламент: 75 минут.

Олимпиада тапсырмаларын орындауда әр қатысушыға ең жоғары ұпай саны: 60 ұпай (60 сұрақ).

 

6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

Олимпиаданың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен марапатталады.

2020-2021 оқу жылына 6В01601 - «Тарих» мамандығы бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының гранты екі кезең бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушыға беріледі: кешенді олимпиада және "Абайдың асыл мұралары" байқауы. С.Аманжолов атындағы  ШҚМУ Ректорының грантына ҰБТ бойынша "Дүниежүзілік тарих" пен "География"  пәндерін таңдаған  11 сынып оқушылары үміткер бола алады.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына ШҚО атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашыл зиялылар өкілдері, халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған алдыңғы қатарлы мұғалімдер, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді.

 

7. Қаржыландыру

Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» орталығыжүзеге асырады.