Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы орта білім беретін, қосымша білім беретін ұйымдардың оқытушылары арасында үздік мастер-классқа облыстық қашықтық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты - әдістемелік жұмысты жетілдіру, шығармашылық әлеуетін дамыту және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар педагогтарының мәртебесін арттыру.
Байқауға видео (MP4) немесе презентация форматындағы (Power Point) (қадамдық фотосуреттермен өнімді дайындауға арналған авторлық немесе бейімделген нұсқаулық) мастер-класс жіберіледі.
Байқауға қатысуға өтінімді және Ережеге сәйкес орындалған жұмысты 2020 жылдың 20 мамырына дейін vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасына жіберу керек.