Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың оқу орындары мен қосымша білім беру мекемелерінің 1-10 сыныптары арасында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты облыстық қашықтық сурет байқауын (бұдан әрі - Байқау) өткізетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты - балаларды ел мен қоғам өміріндегі маңызды оқиғалармен таныстыру, адамгершілікке, имандылыққа, төзімділікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Сканерленген сурет немесе сапалы фотосурет Instagram әлеуметтік желісінде #біршаңырақастындадарын хэштегімен қатысушының жеке парақшасында жарияланады. Жазбада қатысушы туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты, қала/аймақ, оқу орнының толық атауы, сынып, орындау техникасы) көрсетілуі қажет.
Жұмысты кез-келген техникада (акварель, пастель, май, гуашь, қарындаш сурет және т.б.) орындауға болады. Жұмыс A4 қағазында (21x29,7 см) жасалуы керек.
Байқауға әр қатысушыдан бір ғана жұмыс (сурет) қабылданады. Топтық жұмыстар конкурсқа қатысуға қабылданбайды. Байқау суреттері мұқият жасалуы керек, олардың мазмұны елдің заңнамасына қайшы келмеуі керек.
Суреттер 2020 жылдың 27 сәуіріне дейін жариялануы керек.