Сіздерді ҰлыЖеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» атты әндермен өлеңдердің облыстық қашықтық әскери-патриоттық фестиваліне қатысуға шақырамыз.
Фестивальдің қатысушылары ШҚО қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары болып табылады.
Конкурс төрт жас тобы бойынша өткізіледі:
Кіші (А) - 5-7 жас;
Кіші (В) - 8-10 жас;
Орта - 11-13 жас;
Үлкен-14-18 жас.
Фестиваль 2020 жылдың 5-6 мамырында өткізіледі.
Сайыстың жұмыстары (бейнежазба) Ұйымдастыру комитетіне фестивальға қатысу өтінімімен бірге (№1 қосымша) білім беру бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған электронды (WORD немесе EXCEL) және сканерленген нұсқада 2020 жылдың 15-24 сәуір аралығында мына мекен-жайлар бойынша жолданады: ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығы, ұялы тел.: 8 (705)114-64-55, е-mail: 75letpobedy@bk.ru.