+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауының қорытындысы, 2020 жылғы 16-20 наурыз
27 Нау, 12:25

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен жаңалықтары» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты: оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғат қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кішкентай отанын сүюге баулу. Байқауға ШҚО қалалары мен аудандарының 7-9 сыныптың 115 оқушысы - мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Қатысушылар келесі номинациялар бойынша сайысқа түсті: - «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі» номинациясы - туған ауыл/қала/аудан/облыс үлгісінде таныстыру форматында қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған бейбітшілік пен келісім идеясын жүзеге асыру ерекшеліктерін ашу. - «Этнографиялық туризм: бастауларға оралу» номинациясы - қатысушы таңдалған жердің бағытын картографиялық бейнелейді, плакатқа салады, шартты белгілер мен түсіндірмелерді білдіреді. - «Ұмытылмас жәдігер» номинациясы - туған өлке халықтарының салт-дәстүрлерін бейнелейтін өз қолдарымен жасалған кәдесыйлар ұсынылады. Әділ қазылар алқасының шешімімен 53 қатысушы жүлдегер мен жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Туған өлкені оқып білуде жетістіктер тілейміз.