+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай жолы» облыстық зияткерлік конкурсының қорытындысы
19 Нау, 18:14

2020 жылдың 13 наурызында классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттыру және Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында онлайн режимінде «Абай жолы» облыстық зияткерлік конкурсы өтті.

Конкурсқа 920 облыстық білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Қатысушыларға М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша 30 мәтіндік тапсырма ұсынылды.

Конкурстың қорытындысы бойынша 28 және одан да жоғары ұпай жинаған 310 оқушы жүлделі орындарға ие болды: оның ішінде 1 орын – 114, 2 орын – 112, 3 орын – 84.

Конкурсқа Семей қаласы, Глубокое, Жарма, Алтай, Абай, Үржар аудандарының оқушыларының белсенді қатысқандарын ерекше атап өтуге болады.

Конкурсқа Тарбағатай ауданы, ІТ-мектеп-лицейі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі Өскемен қ., облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға аралған мамандандырылған мектеп-лицейі, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов ат. «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқушылары қатысқан жоқ.

Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар оқу-жаттығу турына қатысады.

 

Жүлдегерлерді құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!