«Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды»
Қасым-Жомарт Тоқаев
Абай шығармашылығын насихаттау, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында 2020 жылдың 13 наурызында Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде А. Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай жолы» облыстық зияткерлік конкурсы өтті.
Конкурсқа 1000-ға жуық ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Конкурс М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша 30 мәтіндік тапсырмадан тұрды.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталады, ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар Жидебай қорығы мен Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніне оқу-жаттығу турына қатысады.