+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушыларының республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» жас ақындар айтысына қатысуының қорытындысы
28 Ақп, 18:20

Жыл сайын халық шығармашылығын насихаттау мақсатында Алматы облысы Ұзынағаш ауылында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Жыр алыбы - Жамбыл» атты ақындар айтысы ұйымдастырылады.

Осы жылы айтысқа республиканың барлық аймақтарынан 30 оқушы қатысты. Біздің облысқа іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен балалар Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бақытхан Мейрамбек және Жарма ауданы, Бірлік орта мектебінің 9-сынып оқушысы Рахат Тамаша қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша күрделі сайыста біздің ақындар Алматы облыстық білім басқармасы атынан алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Шараға қатысушылар үшін Жамбыл Жабаев пен Сүйінбай Ароновтың әдеби-мемориалды мұражайларында мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.