+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас музыканттар» республикалық конкурсының қорытындысы»
27 Ақп, 17:43

2020 жылдың 27 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің музыка бөлімдерінің оқушылары - жас музыканттардың 53 республикалық конкурсының облыстық кезеңі басталды.

Іс – шараның мақсаты-оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, балаларға музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту.

Байқауға Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, Бесқарағай, Глубокое, Көкпекті, Зайсан және Шемонаиха аудандарының 170-ке жуық оқушылары қатысады.

Қазылар алқасының құрамына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жетекші оқытушылары, Шығыс Қазақстан халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің, М. Тулебаев атындағы музыка училищесінің оқушылары кіреді. Олар «Фортепиано»және «Хордық орындаушылық» номинациялары бойынша қатысушыларды бағалайды.

Жеңімпаздар Қарағанды қаласында 26-28 наурыз аралығында өтетін байқаудың республикалық кезеңінде біздің облысты таныстырады.

 

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!