2020 жылдың 24-27 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Павлодар қаласындағы А. Бектұров атындағы Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының намысын 3 оқушы - жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегерлері қорғады.
І дәрежелі дипломмен:
Рахимгалиев Нуржан - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Рахметолла Нұрасыл - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы;
Газизбеков Арсен - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы марапатталды
Олимпиадаға қатысушыларды олардың ата-аналарын және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Болашақта сәттілік пен жеңістер тілейміз!