+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
26 Ақп, 18:45

2020 жылдың 26 ақпанында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өтті.

Шараның мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау оларға рухани-адамгершілік білім беру.

2020 жылы өзін-өзі тану олимпиадасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының (ғылыми жарыстар) тізбесіне енгізілді.

Облыстық кезең 2 турда өтті:

1 тур – тестілеу;

2 тур – берілген тақырыпқа тапсырмалар орындау.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудан/қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 140 оқушы қатысты.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша 59 қатысушы жүлдегер атанды:

I дәрежелі дипломмен - 9 оқушы;

ІІ дәрежелі дипломмен - 19 оқушы;

ІІІ дәрежелі дипломмен - 31 оқушы марапатталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар, грамоталар  және естелік сыйлықтар табысталды.

Ең жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар – 10, 11 сынып оқушылары өзін-өзі тану пәні бойынша олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиадаға қатысушыларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына табыстар тілейміз.