+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық мамандандырылған мектептердің 8 сыныптар арасындағы «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
26 Ақп, 17:09

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік  «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2020 жылдың 27 ақпанымен 1 наурызы аралығында облыстық мамандандырылған мектептердің 8 сынып оқушылары арасында «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымы (бұдан әрі – Ауысым) өткізеді.

Ауысымның мақсаты– оқушылардың география ғылымдары негіздеріне деген қызығушылықтарын арттыру, олимпиадалық есептердің өзгешеліктері туралы түсініктерін дамыту.

Ауысымның міндеттері:

  • оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру;
  • қазіргі заманғы ғылым туралы түсінігін өзінің шығармашылық аясы ретінде ұғынуын қалыптастыру;
  • оқушылардың шығармашылық жұмыстары үшін жағдай жасау;
  • дарынды балалар үшін сайма-сай араласу ортасын құру;
  • оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу әдістеріне, тәуелсіз ойлауды дамыту үшін қажетті зияткерлік пәндерге, өз бетінше және шығармашылық ойлау қабілетіне үйрету.

Бейіндік ауысым таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы Орталық базасында өткізіледі.

Бейіндік ауысымның мұғалімдерінің құрамына республикалық, халықаралық олимпиада жүлдегерлерін даярлаған шығармашыл ұстаздар кіреді.

Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды жариялауға қызығушылық білдіретін бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпараттар алу үшін 8(7232)700-244 телефондарына хабарласу қажет.