2020 жылдың 25 ақпанында Өскемен қаласында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аймақтық кезеңі өтті, оның негізгі мақсаты қазіргі студенттерге мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға көмектесу. Бұл іс-шараға Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ге жуық мектеп оқушылары жиналды.
Қатысушылар өз жұмыстарын төрт номинация бойынша көрсетті: «Осындай мамандық бар» презентациялар конкурсы, «Адами ресурстар: болашақ капиталы» бейне блогерлер конкурсы, «Мен мамандықтар әлемінде» эссе және КТА «Мамандық кеше, бүгін, ертең».
«Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша қатысушылар Қазақстанның және біздің облысымыздың еңбек нарығында сұранысқа ие және қажетті кәсіптердің компьютерлік презентацияларын дайындады.
«Адами ресурстар: болашақ капиталы» номинациясы бойынша бейнеблогерлер дәстүрлі немесе сандық технологиялардың көмегімен түсірілген
3 минуттық бейне блог көрсетті.
«Мен мамандықтар әлемінде» атты әдеби байқауында қатысушылар болашақ мамандығы туралы тақырыпты ашып, өз таңдауын және ел үшін осы мамандықтың маңыздылығын негіздеп, эссе ұсынды.
«Мамандық кеше, бүгін, ертең» номинациясы бойынша барлық командалар КТА ойынында өз дағдыларын көрсетті.
Командалар барлық 4 номинация бойынша жүлделі орындарды төмендегідей бөлісті:
Гран-при – Аягөз ауданының командасы;
I орын– Бородулиха ауданының командасы;
II орын– Алтай және Жарма аудынының командасы;
III орын–Глубокое және Күршім ауданының командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары – Аягөз ауданының командасы 30-31 наурызда Өскемен қаласында өтетін форумның республикалық кезеңінде біздің облыстың намысын қорғайды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Аягөз ауданының командасына облысымызды республикалық кезеңде лайықты таныстыруды тілейміз!