+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындарын өткізу туралы АҚПАРАТ
25 Ақп, 18:27

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 25 ақпан күні Семей қаласы, Озерка ауылының хоккей қорапшасында шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойыны өткізілуде.

Батыс-Дивизионында Бородулиха, Жарма аудандары, Курчатов және Семей қалаларының командалары қатысуда.

Жарыстың қатысушыларына сәттілік және жеңістер тілейміз.