Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 19-21 ақпан аралығында екі аймақта шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойыны өткізілді.
Шығыс-Дивизионында Алтай, Күршім және Катонқарағай аудандарының командалары қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Кіші топта:
І орын - Алтай ауданы
ІІ орын - Катонқарағай ауданы
Жасөспірімдер тобы:
І орын - Алтай ауданы
ІІ орын - Катонқарағай ауданы
ІІІ орын - Күршім ауданының командалары иеленді
Оңтүстік-Дивизионында Көкпекті, Тарбағатай және Зайсан аудандарының командалары қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Кіші топта:
І орын - Көкпекті ауданы
ІІ орын - Тарбағатай ауданы
ІІІ орын – Зайсан ауданы
Жасөспірімдер тобы:
І орын – Көкпекті ауданы
ІІ орын - Зайсан ауданы
ІІІ орын - Тарбағатай ауданының командалары иеленді
Хоккей турнирі адал және ымырасыз күресте мықтыларды анықтап қана қоймай, әр ойыншыға тамаша әрі қызықты ойын көрсетуге мүмкіндік берді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом және кубокпен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!