+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Кеңейтілген оқу-әдістемелік Кеңестің екінші күні
24 Ақп, 10:37

Кеңейтілген оқу-әдістемелік Кеңестің екінші күні қатысушыларға мектепке дейінгі және кіші жастағы мектептегі оқушылармен, әскерилендірілген мектеп-лицей-интернатындағы тәрбиеленушілермен, ғылыми-оқу зерттеу орталығының алаңына айналған мектеп оқушыларымен жүзеге асырылып жатқан білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісімен танысуға мол мүмкіндік тудырды.

Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің ерекшелігі мектепке дейінгі топтар мен бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісіне ғылыми қостау моделін енгізу болып табылады. Қатысушылардың назарына педагогтардың кәсіби құзырлылығын ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері ( Ахаева Н.В., директор, п.ғ.д., АПНК акдемигі; Ахаев А.В., ғылыми жетекші, п.ғ.д., профессор, АПНК және МАКФ академигі). арқылы көрсететін дамыту бағдарламасының жедел шолуы ұсынылды.

Мектеп-кешеннің республикалық және шетелдегі зерттеу орталықтарымен (Франция, Ресей), ҚР Білім және ғылым министрлігі Академиясымен ғылыми-педагогикалық ынтымақтастығының кеңейтілген жүйесі көрсетілді.

Осындай ынтымақтастық ғылыми-педагогикалық конференцияларды, мамандандырылған мектеп директорларына арналған сынау мерзімін өткізуді, білімдік және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды, мектеп педагогтарының  кәсіби даму үрдісіне тәлімгерлік жасау, тапсырмалар әзірлеуге және олимпиадалар мен жарыстарға қазылық жасауға ғалымдарды тартуды қамтамасыз етеді.

Кеңес қатысушылары дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-гимназия-интернатындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі жетістіктермен танысты. Оқу-тәрбие үрдісіне заманауи технологияларды енгізу арқылы тәрбиеленуші жасұландықтардың оқу еңбегін көтеруге деген мотивацияларының артқанын, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына көптеп тартылғанының куәсі болды.

Қатысушылардың ерекше назарын аударғаны автоматты қашықтықтан басқару бағдарламасын енгізу, сонымен қатар, мектеп педагогтарының «Пәндерді кіріктіру: алғашқы әскери-техникалық дайындық, физика, информатика және роботты техника» атты шеберлік сыныптары болды.

Облыстағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты жұмысының іс-тәжірибесінен қатысушылар мектептегі инновациялық жұмыстармен танысты, ғылыми теориялар негізімен, озат тәжірибелер мен идеяларды байқады.

Кеңес қатысушылары мектепке кіргеннен бұндағы қонақжайлылықты көрді. Мектеп-гимназия директоры қонақтарды жұмыс жоспарымен таныстырып, ауылдарға саяхатқа алып жүрді. Кеңес қатысушыларының бірінші тоқтағаны - «Абай ауылы» болды.

Ондағы оқушылар өздерін М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлердей сезініп, Ұлы Абайдың өмірінен шағын көрініс көрсетті. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейлі мерекесін лайықты қарсы алудағы жоспарларымен бөлісті. «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», тағы басқа әндері шырқалды.

Қатысушылардың келесі  тобы «Әль-Фараби» ауылын тамашалап, Әль-Фарабидің қысқаша өмірімен танысты. «Жамбыл» ауылының ұстаздары мен оқушылары өз ауылдарын ақын өмірімен байланыстыра көрсетті.

Кеңес қатысушыларының назарына «Дзю-До» ұлдар, қыздар үйірмесінің, «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Интеллектум» үйірмелерінің жұмыстары ұсынылды.

Кеңес қатысушылары КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген және Құрметі педегогы Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы ғылыми-әдістемелік зертханасын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Зертханада ұстаздың еңбек жолынан, ұстаз туралы айтқан естеліктерінен, өз қолымен жасаған схемалар мен таблицалар,қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен әдістемелік құралдары, еліміздің тарихи кезеңдеріне байланысты киген киімдері, стендтер ілінген. Бүгінгі күні Қ. Бітібаева атындағы зертхана облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында ашылып, үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Қатысушылар адамгершілік дәстүрлерін сақтап, үлгілі жұмыстарды жүзеге асырып, ғылыми әдістемелерді енгізіп отырған мектеп-гимназия ұжымына алғыстарын білдірді. 

Кеңестің негізгі бөлімінің рефлексиясы еліміздегі мамандандырылған мектептердегі дарынды балалармен жүргізетін жұмыстары әрі қарай жалғастыру керек екендігін көрсетеді. Кеңестің барлық қатысушылары дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мамандандырылған мектептердің көрсеткен іс-тәжірибесінен жақсы бастамаларды көріп, барлық мектептердің болашақ басқаруын және тәжірибелік іс-әрекеттерін үлгі ретінде алу қажеттігін атады. 

ШҚО мамандандырылған мектептерінің ұсынған іс-тәжірибелер нәтижесінен әр қатысушы жүйелі инновациялық қағидалар жүйесін алдағы уақыттағы дарынды балалармен жұмыста тәжірбие алыға мүмкіндік алады.

Бағдарлама жұмысының қорытындысы аясында Кеңес қатысушылары Таулы Үлбідегі «Дарын» базасында кездесті. «Daryn team» тимбилдингі барысында қатысқан команданың әр мүшесі барлық кедергілерден өтіп, командамен жұмыс істеу дағдыларын, позитивті көңіл-күйлерін көрсетті.