+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘСКЕРГЕ ДЕЙІНГІ, ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ЖАСТАР АРАСЫНДА СУДА-ҚҰТҚАРУ ЖҮЗУ БОЙЫНША IV-ші ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
21 Ақп, 16:05

1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған суда құтқару көпсайысы бойынша IV облыстық турнирдің (бұдан әрі-Турнир) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысуы мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

1.2. Турнирдің дайындау және өткізу бойынша жалпы басшылығын: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның "Шығыс" өңірлік Қолбасшылығы, ҚР қорған министрлігінің «Восток» өңірлік Қолбасшылығы,Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті атқарады. Турнирді Өскемен қаласы әкімдігінің № 29 қосымша білім беру мектеп-орталығының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» өткізеді.

1.3. Облыстық турнирдің негізгі мақсаты жас ұрпақтың арасында өмір қауіпсіздігінің мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

1.4. Турнир міндеттері:

- қиын қыстау жағдайларда әскерге шақырылатын, әскерге шақырылған және жастар әскерінің дайындығын қалыптастыру;

-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды өмір қауіпсіздігінің мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне көңіл аударту;

- жас ұрпақтың өмір қауіпсіздігі саласындағы тәжірибелік даярлау деңгейін жетілдіру;

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- жас ұрпаққа қоғамдық және жеке бас қауіпсіздігі мәселелерге саналы көқарасқа және жауаптылықты қалыптастыру;

-қиын-қыстау жағдайларда тәжірибелік дағды алу;

- жас ұрпақтың дене бітімін жетілдіру.

1.5. Турнирді өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2. Турнирді ұйымдастыру комитеті және төрешілер алқасы

2.1. Турнирді дайындау және өткізу  турнирді ұйымдастыру комитетіне

жүктеледі.

Ұйыдастыру комитеті:

- турнирді дайындау мен өткізуге тікелей басшылық жасайды;

- турнирге қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

- турнирдің төрешілер алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

- іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу түрін анықтайды;

- турнир нәтижелерін талдайды және қорытады;

- турнирдің дайындық барысын, өткізілуін және нәтижелерін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз етеді.

2.2. Жарыстарды тікелей өткізу, жарыстардың түрлерін бағалау төрешілер алқасына жүктеледі.

     Төрешілер алқасының құрамына Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Восток" өңірлік қолбасшылығының, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің, Өскемен қаласы әкімдігінің № 29 қосымша білім беру мектеп-орталығының өкілдері кіреді.

2.3. Жарыстың бас төрешісі Субботин Владимир Сергеевич, ҚР ІІМ ТЖК «ШҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ ЖҚЖ бас құтқарушысы.

3. Турнирге қатысушылар

3.1.   Турнирге қатысуға жасөспірімдер мен ерлер 3 санатты топ бойынша жіберіледі:

1 жас санаты: 15 жастан 18 жасты қоса алғанда (әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, жас қорғаушылар мектебінің курсанттары, сонымен қатар басқа санаттағы жасөспірімдер);

2 жас санаты: 18 жастан 22 жасты қоса алғанда (колледж студенттері, Шығыс Қазақстан облысының аумағында Қарулы күштердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері, Ұлттық ұланда, Шекара әскерінде әскери қызметін өтеп жүргендер,),

3 жас санаты: 22 жастан 25 жасты қоса алғанда (Шығыс Қазақстан облысы аумағында оқып жүргендер мен әскери қызметін өтеп жүргендер, ӘТМ курсанттары және әскери қызметкерлер).

3.2. Команданың сандық құрамы- 6 қатысушы және 1 жаттықтырушы-басшы.

3.3. Команданың әр қатысушысында жеке басын куәландыратын құжат болуы керек.

3.4. Әр жаттықтырушы-команда жетекшісінде болуы керек:

1) келесі құжаттардың көшірмелері:

- турнирге қатысу үшін команда мен жаттықтырушы-жетекшіні жіберу туралы бұйрық;

- қатысушылар тізімі;

- қатысушы мен жаттықтырушы-команда басшысының жеке басын куәландыратын құжаттар;

2) жүзу бассейніне баруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама (әрбір қатысушыға) дәрігердің қолымен және мөрімен расталған;

3) әрбір қатысушыға медициналық сақтандыру;

4) білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған қатысушының фотосуреті бар оқу орнынан анықтама (әрбір қатысушыға);

5) кәмелетке толмаған қатысушылардың ата-аналарының нотариалды куәландырылған сенімхаттары.

Көрсетілген құжаттардың кез-келгенін ұсынбаған жағдайда командаға жарысқа қатысуға жол берілмейді.

3.5. Қатысушыларда біркелкі киімде болуы қажет (парадтық немесе спорттық киім).

Турнирге қатысу үшін команданың барлық мүшелерінде бассейнге арналған киім болуы керек(суға түсуге арналған іш киім, резеңкелі бас киім, аяқ-киім, сабын (шампунь) жөке, орамал, жұзу көзілдірігі).  

4. Өткізілу уақыты мен орны

4.1. Турнир 2020 жылдың 26-27 наурыз аралығында Өскемен қаласында (дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында, Шәкәрім даңғылы, 1/1) өтеді

Командалардың келуі-26 наурыз (сағат 15.00-ге дейін); кетуі-а. ж. 27 наурыз (сағат 17.00).

Турнирдің салтанатты ашылуы және жабылуы 5518 әскери бөлімінің клубы негізінде Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 95 мекен-жайы бойынша өткізіледі.

4.2. Турнирге қатысушы туралы мәліметтер (жіберуші ұйымның атауы және оның заңды мекен-жайы; Байланысатын тұлға және оның мәліметтері; команда мүшелерінің аты-жөні толық, туған күні, айы және жылы, жеке куәлігінің нөмірі, Берілген күні) көрсетілген өтінімдер жіберуші тарап басшыларының қолымен және мөрімен расталған №1 қосымшаға сәйкес 2020 жылдың 10 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі мекен-жай бойынша ұсынылады: Өскемен қаласы, Абай көшесі, 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын», тел. 8 (7232) 75-15-53, е-mail: or-vpv@mail.ru .

4.3. Өтінімге келесі сканерленген көшірмелер қоса беріледі:

1) турнирге қатысу үшін команда мен жаттықтырушы-басшыны жіберу туралы бұйрық; ;

2) қатысушылар мен жаттықтырушының-топ басшысының жеке басын куәландыратын құжаттар.

5. Өткізу шарттары

5.1. Турнир ҚР ІІМ ТЖК төрағасының м.а. 2016 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығымен бекітілген қоғамдық құтқару бекеттері үшін құтқарушыларды даярлау бойынша әдістемелік ұсынымдарға, жарыс шарттарына және төрешілер алқасы бекіткен айыппұл кестесіне сәйкес өткізіледі.

5.2. Турнир жабық жүзу бассейнінде өтеді.

Турнир бағдарламасына (№2 қосымша) келесі қашықтықтар кіреді:

- Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);

- Құрама эстафета (командалық жарыстар).

5.3. Команда жеребе бойынша жарысқа қатысады. Қатысушылардың құрамы, сондай-ақ әрбір жарыстың нәтижесін анықтау тәртібі осы жарыстар жағдайында көрсетіледі (№3 қосымша).

5.4. Командамен (қатысушымен) қашықтықты өту нәтижесі:

- жарыс қашықтығын (кезеңін) өту уақыты;

- алынған айыппұл баллдарымен;

- уақыт пен айыппұл баллдарының сомасы.

Команданың қорытынды нәтижесі екі қашықтықтың әрқайсысының техникалық нәтижесі бойынша анықталады (таза уақыт сомасы мен айыппұл баллдары). Ең аз уақытылы команда жеңеді. Бір және одан да көп орындалмаған жаттығулары бар командалар барлық кезеңдерді орындаған барлық командалардан кейін орын алады.

6. Турнирді медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету

6.1. Турнир өткізу кезінде барлық қатысушыларға білікті медициналық қамтамасыз ету ұсынылады, денсаулығына тұрақты бақылау жүзеге асырылады, жарақаттанудың алдын-алу, қажетті жағдайда зардап шеккендерді емдеу мекемелеріне жеткізу ұйымдастырылады.

7. Жарыстарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету

7.1. Турнир өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігі турнир ұйымдастырушыларына жүктеледі.  

7.2. Жаттықтырушы-басшы турнирді өткізу кезеңінде команда қатысушыларының қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауына, турнирді өткізу орнына бара жатқан жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда команда қатысушыларының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне дербес жауапты болады.

7.3. Команданың әрбір қатысушысы турнир өтетін жерге баратын жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өз заттарын сақтауға жауапты болады.

       8. Турнирдің қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау

8.1. Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болған командалар кубоктармен, дипломдармен марапатталады. Жас топтары үшін (жасөспірімдер 15-18 жыл, 18-22 жыл) сонымен қатар, медальдармен марапаттау қарастырылған. «Жүзу» қашықтығында жүлделі орындарға ие болған команда қатысушылары дипломдармен марапатталады.

Турнирдің барлық командаларына сертификаттар беріледі.

9. Турнирді қаржыландыру

9.1.Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» жүзеге асырылады.

9.2. Командаларды іссапарға жіберу, тамақтандыру, тұру жөніндегі шығыстарды жіберуші ұйымдар көтереді.