+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық кеңейтілген оқу-әдістемелік Кеңесінің қорытындысы
20 Ақп, 15:22

2020 жылдың 19-20 ақпаны аралығында Өскемен қаласында «Оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік: құралдар мен мүкіндіктер» тақырыбында республикалық кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесі өткізіледі.

Кеңес жұмысына облыстардың білім басқармаларының өкілдері, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталықтарының директорлары, республикадағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорлары қатысты.

Бүгін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында ғылыми-әдістемелік Кеңестің ашылуы өтті.

Кеңес қатысушыларына құттықтау сөздерін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы,  Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Жумадилова Сайрангүл Ахметкаримовна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық шеберлік зертханасының меңгерушісі Каркулова Айгуль Акимгереевна арнап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының Республикалық, Халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу нәтижелілігін, сондай-ақ дарындылықты дамытуды кәсіби сүйемелдеу бойынша алдағы жұмыс перспективаларын көрсететін жұмыс жүйесін директор Рахимжанова Гаухар Болатбекқызы таныстырды.

Кеңес қатысушылары балалар мен жасөспірімдердің құрастыру дағдыларын дамыту бойынша STEM-мансап зерттеу зертханасының инновациялық әзірлемелерімен танысты (Мурзахметов А. К. – «Kerneu Technologies» өкілі; Жиенбаев Е. А.- М. Ганди ат. № 92 мамандандырылған лицейдің директоры).

Кеңес қатысушылары облыстағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің көрмелері арқылы дарынды балалармен жұмыс жүргізу формалары мен білімдегі жетістіктерімен танысты.

Оқу-әдістемелік Кеңес бағдарламасы аясында қатысушылар оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік шеңберінде облыстағы мамандандырылған мектептердегі мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

19 ақпанда қатысушылар оқу-әдістемелік Кеңес бағдарламасы аясында ІТ мектеп-лицейі мен дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен танысты.

ІТ мектеп-лицей педагогтарының инновациялық тәжірибесі Кеңес қатысушыларына оқу, зерттеушілік бағыттарындағы құзыреттіліктерінің, сонымен қатар (IT-Start-up жобалар: «Пешеход Helper», «Создание виртуального 3D-тура «Абай –дана, Абай-дара қазақта», «Разработка моделей виртуальной реальности», «Создание виртуального 3Д тура «Восточно-Казахстанцы в годы ВОВ», «Мобильное приложение по профилактике стресса для операционной системы Android») бағдарлау және модельдеу білім берудегі құзыреттілігі ресурстарын көрсетті.

Қатысушылар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізуге ат салысты.

IT-мектеп-лицейі алаңындағы кездесу Кеңес қатысушыларына дарынды балалармен жүзеге асыратын жұмыстардың формаларын көрсететін, іс-тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алатын диалогтік алаң болды.

Мектеп-лицей-интернатының дарынды балалармен жүргізетін тәрбие жұмыстары патриотизм мен өзін-өзі танудағы құзырлылық дамыту моделін көрсетті. Авторлық бағдарламаларды қорғау формалары Кеңес қатысушыларының ұсынылған панорамалық сюжеттен қазақстандық патриотизм сюжетіне енулеріне қамтамасыз етті.